Соңғы екі жылда облысымызда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол ұйымдарымен бірлесе бағдаршам нысандары орнатылуда. Соның бірі – Оралдағы Назарбаев даңғылы бойында, М.Мәметова алаңы ауданына электр энергиясына тәуелсіз бағдаршам нысаны іске қосылды.
Шақырту құрылғысы бар бағдаршам нысанын жаяу жүргіншілер өздері реттей алады. Бағдаршам энергияға тәуелсіз, яғни металл аркада орнатылған LED-нүктелі жарықтандыру жарықдиодтары күннен уақыт алады. Бұл нысанды «ЗенитТехСервис» ЖШС өз қаражаттарына орнатты. Дайындағандар – ресейлік «НПФ Спектрон» ЖШС. Аталмыш компанияның коммерциялық директоры Гарри Бассавиннің айтуынша, Ресейде мұндай бағдаршам нысандары соңғы екі-үш жылдан бері қойылуда.
Осылайша, жаяу жүргіншілер көп жүретін қозғалысы бар қолданыстағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі («Марина» кафесі маңы) жинақтау үшін реттелетін жаяу жүргіншілер санатына ауыстырылады.
– « Қазақстан бойынша алғашқы тәжірибемізді Орал қаласына әкелдік. Жүргінші үшін де, жүргізуші үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізетін кешен шұғыл қызметтерді шақыру тетіктерімен жабдықталған, – дейді Гарри Бассавин.
Нысандағы тетікті басқанда бағдаршамның жасыл түсі 30 секундқа жанады. Осы уақытта жүргіншілер жолдан өте алады. Қосымша тетіктер «102» және «103» қызметтерін шақырып, олардың операторларымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысанда бейнебақылау камералары орнатылған.
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Жаншин атап өткендей, шаһарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 82 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 адам көз жұмса, 67-сі түрлі дене жарақатын алған. Бұл бірінші кезекте жаяу жүргіншілердің жолда жүру мәдениетінің төмендігінен. Сондықтан жаңа үлгідегі бағдаршамның жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігі зор болмақ.
Қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов алдағы уақытта осындай нысан қаланың басқа аумақтарына орнатылатынын жеткізді. Ал жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге азаматтық белсенді ұстанымын білдірген «ЗенитТехСервис» ЖШС директоры Көшербай Айғожаұлына қала басшысының алғыс хаты табыстады.
Жаңа бағдаршам орналасқан Назарбаев даңғылы мен Алмазов көшесі қиылысында «Гаухар жолы» қоғамдық бірлестігінің еріктілері жүргіншілерге бағдаршам нысанын қолдануды үйретуде.
Мұндай бағдаршам нысандары ағымдағы жылы облыс орталығының 11 ең белсенді қиылыстарында орнатылды. Олар: Әбілхайыр хан даңғылы — Наурыз көшесі, Әбілхайыр хан даңғылы — Карбышев көшесі, М.Мәметова мен Петровская көшелері, Мұхит және Досмұхамедов көшелері, Шаған жағалауы — Карев көшесі, Жәңгір хан – Мөңкеұлы көшелері, Жәңгір хан және Айтқұлов көшелері, Мәскеу көшесі және Правдухина көшесі, Еуразия даңғылы «Уральскэнерго» автобус паркі аумағы, С.Датұлы көшесі және «Алтындар» СҮ аумағында, Н.Назарбаев даңғылының бойында БҚМУ аумағы, Еуразия даңғылы №8 орта мектеп, Жәңгір хан көшесіндегі «Жазира» аялдамасы және №20 орта мектеп аялдамаларында. Соңғы алты нысанда жаяу жүргіншілерге арналған қоңырау шалу құралдары енгізілсе, үш бағдаршам объектісіне (Шолохов және Құрманғалиев, Шолохов және С.Тюленин көшелері, Еуразия даңғылы мен Әйтиев көшесі) санау сағаты қойылды.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында 93 бағдаршам нысаны бар. Атап айтқанда, Ақсай (Бөрлі ауданы) қаласында – 13; Тасқала (Тасқала) ауылында – 2; Подстепный және Федоровка (Теректі) ауылдарында – 2; Чапаев (Ақжайық) ауылында – 2; облыс орталығында – 74 (Деркөл ауылында – 1).
Санақ таймерлері 41 объектіде жұмыс істейді, енді оларды 27 бағдаршамға орнату қажет.
Асылай ГУБАШЕВА,
БҚО ПД Ішкі және сыртқы
коммуникациялар бөлімінің қызметкері