Сіз онлайн режимінде тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеле аласыз. Оны пайдалану үшін үй иесі және онда тіркелгісі келетіндер электрондық сандық қолтаңбаға (ЭСҚ) ие болуы керек немесе сіз SMS-парольді пайдалана аласыз. Ол үшін egov.kz порталында тіркеуден өту қажет.
Тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша тұратын жерінде тіркелгісі келетін азамат өтінішті портал арқылы береді, содан кейін үй иесі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе SMS паролінің көмегімен, яғни электронды түрде өз үйінде тіркелуге келісім береді (егер меншік иесі бірнеше адам болған жағдайда, бәрінің де келісімі қажет етіледі). Ұсынылған өтінімді қарастыру шамамен 10 минутты алады.
Осы қызметті алу үшін порталға жүгінудің өз артықшылығы бар. Өтініш онлайн режимінде үйден немесе кеңседен шықпай-ақ беріледі, бұл халыққа қызмет көрсету орталығына баруға және кезекте тұруға уақытты үнемдейді.
Ағымдағы жылдың 9 айында электрондық үкімет порталы ғаламтор арқылы «тұрғылықты жер бойынша тіркеу» қызметін пайдаланған 5 мыңға жуық адам біздің өңірде уақыттарын үнемдеді.
БҚО ПД Көші-қон полициясы басқармасы