ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, орталық «Орал» орталық мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шараны әйелдер-қыздар секторының облыстық бөлімі өткізді. Қайырымдылық жәрмеңкесінде орталық мешіттің шәкірт қыздары өз қолдарымен пісірген өнімдерін, басқа да бұйымдарын тұтынушыларға ұсынды. Одан түскен қаржы мұқтаж азаматтар мен көпбалалы аналарға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жұмсалуда.
Бұл – мақсатты түрдегі алғашқы шара емес. Мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, аталмыш сектордың облыстағы жетекшісі, Орал орталық мешітінің ұстазы Анар Демеутованың бастамасымен әйелдер жамағатының белсенділігі артып келеді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі