Әскерилер латын әліпбиін үйренуде

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы латын əліпбиін меңгеруде.

Қазан айының 1-29 күндері аралығында әскерилерге латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің ережелерін оқыту бойынша практикалық сабақтар өткізу жоспарланды.


Жоспарға сай алғашқы сабақты тренер Алима Тасимова «Əріптер емлесі» тақырыбында өткізді. Алғашқы дәрісте әскерилерге латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оңай меңгерудің көптеген тәсілдері айтылды.

Басқарманың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *