Тұрғын үй өртке оранды

2019 жылғы 30 қыркүйек күні таңғы сағат 05.35 шамасында «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал қ.) ММ» күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Л.Толстой 143 мекенжайында орналасқан өрт туралы қоңырау келіп түсті.

Бірнеше минуттан кейін қызметтің № 5 ӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізді.  Өрт сөндірушілер көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен жеке тұрмыстық заттары өртенгенін анықтады. Өрттің жалпы шарпып өткен ауданы 40 ш.м. құрады. 06 сағат 17 минутта өрт ошағы оқшауланып, 06 сағат 49 минутта толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 9 адамы және 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт-сөндірушілер кәсібилік пен жеке батылдық, шыдамдылық танытып, күрделі жедел жағдайды бағдарлай білді және тактикалық дұрыс шешім қабылдау біліктілігін көрсетті.
Мезгілсіз келген қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ.

Б.Хайбуллина
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *