Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы прокуратурасымен рейдтік іс-шаралар барысында аудан орталығына жақын жерде топырақты заңсыз алу фактісі анықталды, — деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.
«А» ЖШС-нің қызметкерлері жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватормен жерді қазып, топырақты көлік құралдарымен тасымалдаған. Алайда олардың Экологиялық кодекстің 12-бабына сәйкес тиісті рұқсаты болмағаны анықталған.
Экология департаменті инспекторының екінші қыркүйектегі қорытындысы бойынша барлығы 56 тонна топырақ алынған.
Прокуратураның ұсынуы бойынша уәкілетті органмен «А» ЖШС ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 150 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Қазіргі уақытта құқық бұзушымен 378 750 теңге айыппұл толығымен төленді және жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.