Департамент бастығы ақсайлықтармен кездеседі

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығы Махсудхан Аблазимов Бөрлі ауданы Ақсай қаласы тұрғындары алдында есеп береді деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде сағат 16.00-де Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы Мәдениет үйінде (Ақсай қаласы, Совет көшесі, 95) полиция генерал-майоры Махсудхан Нұғманұлының халықпен кездеседі. Шара барысында департамент бастығы Ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмысы туралы баяндайтын болады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *