Көліктегі өрттен сақ болыңыз!

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде кешкі сағат 21.54-те «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында автокөлікте өрт шыққаны туралы қоңырау түсті.

№2 МӨСБ-нің өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Audi B4»  маркалы автокөлігінің панель бөлігі  отқа оранғанын анықтады. Аталған төтенше жағдайға жеке құрамның төрт адамы және бір техникасы жұмылдырылды. Сағат 22.54-те тілсіз жау толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Автомобильдің техникалық ақаулығына автокөлік  иесі назар аударуы керек. Егер жүргізуші кабинада жанып жатқан резеңкенің немесе бензиннің иісін сезсе, дереу тоқтап өз машинасын қарап шығуы керек, өрт шыққан жағдайда  өртті сөндіру кезіндегі іс-қимыл тәртібін  еске алып өртті сөндіруге тырысуы қажет.

Өрт пайда болса, өрт сөндіргішті пайдаланған жөн. Ал егер жануды тез жою мүмкін болмаса, жанып жатқан автокөліктен қауіпсіз қашықтыққа барып тұру керек,  өйткені жанармай багының жарылуы мүмкін. Аймақ радиусы 10 метрге жуық.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірі бойынша өрт сөндірушілерді жедел шақырып, автокөлік тұрған мекенжайды дұрыс түсіндірулеріңізді сұраймыз.

 

Б.ХАЙБУЛЛИНА

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *