«Шынықсаң, шымыр боласың!»

Осындай атаумен бүгін облыстық балалар ауылы тәрбиеленушілері арасында спорттық ойындардан жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын ұстану – ұрпақ денсаулығы үшін маңызды. Осы мақсатта қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған спорттық ойындарға балалар белсене қатысты.

Шараның мақсаты –  балалардың спортқа  қызығушылығын арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтына баулу.

Төрт командаға бөлінген тәрбиеленушілер жарыстың алғашқы кезеңінде «Пионербол» ойынын ойнады. Одан соң ұлттық ойынымыз асық атуда қатысушылар ептілік пен қырағылықтарын байқатса, арқан тарту кезеңінде ұйымшылдық танытты.

Спорттық жарыста үздік шыққан командалар мен қатысушыларға ұйымдастырушылар дайындаған арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *