Батыс Қазақстанда борышкер алимент төлемегені үшін сотталды

Орал қалалық прокуратурасы С. есімді борышкердің атааналық міндеттен жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергептексеру барысында заңдылықтың сақталуына тиісті қадағалауды қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Атап айтқанда 2015-2019 жылдары С. есімді борышкер екі баласына алимент төлемей, ол бойынша берешек 3,6 млн. теңгеге жетіп, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 138-бабының талабы бұзылған.

Борышкер жеке сот орындаушысының ескертулерін ескермей, жұмысқа орналаспаған.

Жүргізілген профилактикаға қарамастан С. жеке басының қамын ойлап, табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеу туралы 2010 жылғы 22 ақпандағы соттың шешімін қасақана орындамаған.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 4 қаңтарда «S» ЖШС-нің жалған бухгалтерлік құжаттарды өткізу фактісі бойынша ҚК-нің 192-1-бабымен басталған (ескі редакцияда) сотқа дейінгі тергеу рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылған.

Ал оның құрылтайшысы С. заңсыз табыс тапқаны анықталды.

2019 жылғы 10 қыркүйекте БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) көзделген қылмысты жасағаны үшін С. бір жылға бас бостандығы шектелді және жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *