БҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөлініс қызметкерлерінің жедел ақпараттарына сәйкес «Көкнәр» және «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Зашаған кентіндегі «Восход» гараж кооперативіндегі гараждардың бірінде есірткі заттарын заңсыз өсіргені үшін және марихуананы сақтағаны үшін 1992 ж.т. «Ж» есімді азамат анықталып ұсталды.
Гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдайлар жасалған, яғни жертөленің қабырғалары пенофолмен оқшауланып, ауа айналдыратын вентиляциясы іске қосылып, жасанды жарықтандыру (фитоламп) қойылған. Қажетті температураны ұстап тұру үшін радиатор орнатылған. Тінту кезінде өсірілген қарасора және пайдалануға дайын «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша шамамен 600 гр. «марихуана» есірткі заты және 3 түп қарасора тектес өсімдігі тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөліміне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО ПД баспасөз қызметі