Тоғызыншы қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7413 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның 243-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда. Құрылысшылар 259 жаңа үй тұрғызды, оның 136-да әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үйді жөндеу Арыстың 11 секторында, ал жаңа үйлердің құрылысы 8 секторда аяқталды. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында 4,2 мың жұмысшы еңбек етіп жатыр.
Бүгінгі таңда әскери полигонда жарылыстан зардап шеккен 68 әлеуметтік нысанның 62-і қалпына келтірілген. Сондай-ақ құрылысшылар 322 бизнес-нысанды пайдалануға тапсырды.
Арыс қаласын қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасып табады.