Жастар арасындағы волейбол

Бүгін «Орал» спорт кешенінде қала жастары арасында «LIGA JASTAR» волейбол  ойыны өтті.

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан шараның мақсаты ­­­­-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым -қатынасты нығайту.  Спорттық шараның ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұханбетов және «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» басшысы  Болатбек Сахиев қатысты. Лигада мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер мен жастардан құралған  16 команда ойын көрсетті. Командаларға ойын барысында Анна Мортвичева төрелік етті.

«­Бұл жыл ­- жастардың әр саладан көрінер тұсы. Бұл лига екі ай көлемінде, әр сенбі сайын өтіп тұрады. Дені сау ұрпақ — ел ертеңі. Ел азаматтарын бұқаралық спортты дамытуға шақырамыз», — дейді   Болатбек Жеткергенұлы.

Волейбол ойынының алғашқы күнгі нәтижелері төмендегідей болды:
«Шағатай жастары» 0-2 «Жайық ет»
«ОДМБ»                      0-2 «БҚАТУ-1»
«БҚМУ-1»                   0-2  «Орал жастары»
«Стекло-Сервис»    0-2 «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі»
«НИШ»                       0-2  «БҚАТУ-2»

Алдағы екі ай көлемінде  әр сенбі сайын аталмыш спорт түрінен ойын оздырылады.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *