Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі де «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты.
Акция аясындағы шараға Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев, аталмыш мешіттің наиб имамдары мен ата-аналар қатысты. Алдымен сөз алған өкіл имам Мұратбек Мұхтарханұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың игі тілегін жеткізіп, әр ұл мен қыздың білімді, ата-анасына, еліне жақсылық жасайтын иманды перзенттер қатарынан болуын тіледі. Өз кезегінде ата-аналар да шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Бұл күні облысымыз бойынша 300 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Өкіл имам сауапты бастамаға қолдау білдірген жомарт азаматтарға шексіз алғысын айтты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі