Орал қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы дәрігерлермен өткен дәріске қатысты деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда. Əр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады. Ал мемлекеттік өркениеттілік деңгейін көтеріп, одан əрі дамытуға дені сау, тəрбиелі, білімді азамат қана атсалыса алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығы да бекерге айтылмаса керек.
Басқармада өткен дәріске облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дəрігері Сәлима Бисембаева мен психолог Әсел Гизатуллина келді. Мамандар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру жəне аурулардың алдын алу бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар әскерилердің сауалдарына жауап беріп, психологиялық ойындар ойнатып, жадынамалар таратты.
«PULS» ақпарат