Қазақстан Республикасының әскерилері Қырғыз тауларында жоғалған қазақстандық альпинистер – Мұрат Өтепбаевты, Андрей Корнеевті, Александр Чечулинді іздеу бойынша құтқару операциясын бастады. Олар өкпе ісігінен қаза тапты деген де болжам бар деп хабарлайды BAQ.KZ сайты.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі құтқару тобында капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов, топ басшысы – аға лейтенант Василий Пивцов бар деген мәлімет берген.
Қазақстандық әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік әзірлікте тұр. ҚР ІІМ ТЖК бөлген тікұшақпен 4400 метр биіктіктегі базалық лагерьге көтерілуді жоспарлауда және жаяу іздестіру жұмыстары жалғасуда.
«Аталған операция ауа райының нашарлығына байланысты күрделенуде, жоғалған альпинистерді іздестіру үшін жылуға ден қоюды көздеуші құрылғылар қолдануда. Осындай биіктікте жұмыс жасау үшін ауа райына бейімділген құтқарушыларды жіберу аса маңызды. Бұл операцияда Еуропадағы биік шыңдарды бағындырып жүрген альпинизм бойынша Ресейде өткен «Эльбрус шеңбері-2019» халықаралық сайысына қатысушылар жұмылуда. Жалпы командалық сынақ бойынша қазақстандықтар үздік үштіктің құрамында» деп хабарлаған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғарғы нүктесіне көтерілген екен. Тянь-Шаньның жоғарғы шыңына шығу бағыты альпинизмдегі ең күрделі, яғни 5-6 күрделі санаттағы шыңдардың бірі саналады.