Оралдық мұқтаж отбасылар мерекенің мейірін сезінді

Құрбан айт мерекесінде Оралдағы 500-ден астам мұқтаж отбасыға ет тегін таратылды.

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт Орал қаласында зор қуанышпен аталып өтті. Айттың алғашқы күндерінде мешіт жамағаттары арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Құрбандық малдары қала әкімдігі бекіткен арнайы орындарда шалынып,  мұқтаж отбасыларға таратылды. Қаладағы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахмановтың айтуынша, құрбан шалу рәсімінің шариғат талабына сай өтуі жіті қадағаланып, құрбандық еттері қабылданған. – Қасиетті Құрбан айт күндері Орал қаласы бойынша 1400-ден астам қой құрбандыққа шалынып, 507 отбасыға ет таратылды. Ал облыс көлемінде  2545 қой, 26 ірі қара құрбандыққа шалынып, 1557 отбасыға ет үлестірілді, – дейді қаланың бас имамы.

Мешіт тарапынан үлестірілген ет қарияларға, балалар үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған шаңырақтарға, көпбалалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға берілген.

Үміт ІЗТЕЛЕУ,

Орал қаласы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *