2019-2020 оқу жылына арналған білім гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 3000 грант игерілген жоқ, — деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты.
Аталған бос білім гранттары ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін білім гранттарын тағайындау ережесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қайта бөлінеді делінген ақпаратта.
Хабарламада бұл гранттарды алу үшін жеке өтініш жазудың қажеттілігі жоқ, гранттар конкурстық негізде тізім бойынша жоғары өту балы бар келесі үміткерге берілетіні айтылған.
Грант иегерлері жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен хабардар етілетін болады.
«PULS» ақапарат