Бүгінгі күні полиция басқармасында алаяқтық фактісіне қатысты 12 эпизодтық қылмыстық іс тергеліп, күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
1981 жылғы Круглозерное ауылының тұрғыны биылғы ақпан айында Орал қаласы, Мұхит көшесі 73/1 мекенжайында орналасқан «Центр Кредит» банкі маңында жайлы пәтер алуға жәрдемдемесін деген сылтаумен өзгенің сеніміне кіріп, 3 миллион теңгесін алып, ізін жоғалтқан. Осындай жалған ақпаратымен 11 азаматты алдап, полицияның құрығына ілінгенше алаяқтық ісін жалғастыра берген. Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ-ның тергеу өндірісінде 12 эпизодпен қылмыстық іс тергелуде.
Осы ретте полиция қызметкерлері облыс пен қала тұрғындарына алаяқтардың құрбаны болмай, сақтық шараларына баса мән беру қажеттігін ескертеді.
«PULS» ақпарат