Екі күннің ішінде өзгенің иелігінде кеткен қос бірдей көлік иесіне қайтарылды деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Тамыздың 4-інде сағат 04.00-де белгісіз тұлға Строитель шағынауданы 33/1 үйдің жанында тұрған Тәжікстан Республикасы Худжант қаласының тумасы 1988 жылы туған Рустам Ибрагимұлы Ориповқа тиесілі «Ваз-21099» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Аталған факті сол күні Орал қалалық ПБ-на тіркеліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы, 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды. Деректер бойынша басқарманың КПб қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қылмыстарды жасады деген күдікпен 1992, 2002 жылғы азаматтарды қолға түсірді. Күдіктілер қылмыстарын мойындап, оларға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. «Ваз-21099» автокөлігі иесіне қайтарылды.
Ал 5 тамыз сағат 12.30-да белгісіз тұлға Орал қаласы, Каратюбинская көшесі №30 үй қасында тұрған «ВАЗ» маркалы көлік рөліне отырып, белгісіз бағытқа айдап кеткен. Көлік иесі дереу полицияға арыз жазды. Жедел іздестіру шараларын қолға алған тәртіп сақшылары көлікті іздеуді қолға алды. Көп кешікпей 1991 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын азаматтың ізіне қызметтік көлікпен түскен Орал қалалық Пб патрульдік полиция баталонының инспекторлары бірден ұстады. Басармаға жеткізілген күдікті барлық кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінгенін айтты. ВАЗ маркалы көлігі иесіне қайтарылды. Орал қалалық ПБ ҚР ҚК 200-баптың 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады.
«PULS» ақпарат