Бір айдан бері құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілген, – деп хабарлайды BAQ.KZ
Қазіргі таңда қаланың құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. 10 мыңнан астам құрылысшы тұрғын үйлер мен маңызды нысандарды қалпына келтіруге атсалысыпты. Бүгінгі мәліметтерге сүйенсек, 6,5 мыңнан астам отбасы жөнделген баспаналарына кірген. Сонымен қатар, үстіміздегі айдың жиырмасыны дейін 62 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Аталмыш әлеуметік нысандар қатарына ауруханалар, мектеп пен балабақша, спорт объектілері кіреді.
«Қазіргі таңда зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90% жөндеуден өткізілді. Қалған 905 бір қабатты жеке үйлерді жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін аяқталады. 67 көпқабатты үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітпек. Осыған орай, штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады» – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге барлық өңірлер, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлесін қосып жатыр.