«Мектеп жәрмеңкесі» дәстүрлі түрде 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы кеңейтілген жәрмеңке ұйымдастырылып, 170 кәсіпкер қатысатын болады.
Орындар кәсіпкердің өтініші негізінде тегін беріледі. Жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлердің басым көпшілігі кеңсе тауарлары мен мектеп құралдарын сату саласында көп жылдар бойы қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілері.
Жәрмеңкені мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына сауда жүргізуге ыңғайлылық ұйымдастыру және кәсіпкерлерді қолдау.
Қойылатын талап: мектеп құралдарының бағасын мейілінше төмен ұстау.
Жәрмеңке уақытында, кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға, мұқтаж жандарға, т.б., жеңілдіктер, мектеп құралдарын тегін беру секілді қайырымдылық шаралары өткізіледі.
2018 жылы өткізілген жәрмеңкеде көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен 100-ге жуық отбасына 30%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктер жасалды.
«Мектеп жәрмеңкесі» — республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылады.
Ұйымдастыру орны: Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесінің (арбат) бойы.
Жәрмеңке 1 тамыз – 1 қыркүйек аралығында өтеді.