Батысқазақстандық майдангер Казмухай Доулыбаевтың тума-туыстарын іздестірудеміз деп хабарлайды Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясы Иваново қаласының «Евразийский диалог» халықаралық қоры «Вахта Памяти» жобасына қатысу шеңберінде Иванов облысы Шуя қаласының госпитальдарында Ұлы Отан соғысы уақытында қайтыс болған 35 қазақстандық жауынгердің болғанын анықтайды. Соның ішінде жерлесіміз, қатардағы жауынгер 1906 жылы дүниеге келген Доулыбаев Казмухайдың туыстары іздестірілуде.
Қандай да бір ақпарат болған жағдайда Еуразия даңғылы, 100-үйде орналасқан Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласуларыңыз сұралады. Анықтама телефоны: 53-86-60.
«PULS» ақпарат