ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскер МЕДИА – 2019» республикалық баспасөз фестивалін ұйымдастыруда деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында бастау алған байқау алдағы 31 қазанға дейін жалғасады. Фестивальге орталық, өңірлік баспасөз және электрондық БАҚ-та ҚР ҚК-нің іс-қимылы туралы материалдар жариялап жүрген ҚР азаматтары, әскери қызметшілер, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатыса алады. Конкурс қорытындысы бойынша іріктеуден өткендер түрлі аталымдар бойынша марапатталады.
Телевизиялық БАҚ қызметкерлеріне – үздік телевизиялық бағдарлама үшін;
Радиостанциялардың қызметкерлеріне – үздік радиобағдарлама үшін;
Баспасөз БАҚ-тың қызметкерлеріне – баспасөз БАҚ-тағы үздік материал үшін;
Ақпараттық агенттіктердің қызметкерлеріне – ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс үшін;
Фотосуретшілерге – үздік фотожұмыс үшін;
Блогерлерге – әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс үшін.
Арнайы аталымдар: «Үздік әскери шолушы»; «Үздік жас журналист»; «Өңірлік БАҚ-тағы үздік материал», «Шетелдік БАҚ-тағы ҚР ҚК туралы үздік материал».
ҚР ҚМ жариялаған «Әскер МЕДИА – 2019» республикалық баспасөз фестивалінің ережесімен ҚР ҚМ ресми сайтынан толығырақ таныса аласыздар: https://mod.gov.kz/rus/asker_media_2019/asker_polozhenie/