Жас футболшылар жеңіспен оралды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Былғары доп – Балдәурен» турнирінен өңіріміздің жас спортшы ұл-қыздары жеңіспен оралды.

 2010 жылы туған қыздар арасында Ақжайық ауданының  «Бітік» командасы мен Теректі ауданының Подстепное ауылының жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 2008-2009 жылғы туған  ұлдар командасы облыс намысын қорғап, жүлделі бірінші орынға ие боп қайтты. Олар байқаудың облыстық кезеңінде жүйрік шығып, Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алған болатын.

Футбол турнирінде облыс құрамасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалалары және Маңғыстау облысының командасымен кездескен. Ойын барысында ұлдар құрамасы тараздық командамен тең түсіп, өзге командаларды айқын басымдықпен жеңген.

– Ойын кезінде төрт командамен кездестік. Команда құрамында 12 ойыншы бар. Өте тартысты ойын болды. Бұл біздің ең үлкен жеңістеріміздің бірі, – дейді команда капитаны Ерасыл Кәрім.

Аталмыш ұлдар командасының жаттықтырушысы, Теректі ауданының Подстепное ауылының жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қажет Джалитов.

 

Гүлзинат ҚИБАТОВА

 

 

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *