студент сауат ашу курсын өткізді

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешіті жанындағы  діни сауат ашу орталығында қыз-келіншектердің діни сауатын арттыру мақсатында арнайы курс  ұйымдастырылды деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.

Курста құран оқып үйрену, ахида, тәжуид және Сияр нәби (х.з Пайғамбар өмірі) туралы дәрістер берілді. Дәрісті «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің ІІІ курс студенті, Күйгенкөл ауылының тумасы Айсәуле Асыланбекқызы өткізді. Болашақ маман оқу орнында алған білімін шыңдап қана қоймай, курсқа қатысушылармен тез тіл табысып, көптеген рухани шаралар ұйымдастырды.

Курс соңында діни сауатын арттырған қыз-келіншектерге сертификат берілді. Ал шәкірттерге діни білім үйреткен Айсәуле Асыланбекқызын аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев алғыс хатпен марапаттап, шексіз ризашылығын айтып, білімді болып, елге жақсы маман болып оралуын тіледі.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *