Облыс аумағында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамының, облыстық полиция департаменті жергілікті ЖПҚБ қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды рейдтік іс-шара өтті.
Жалпы саны сексеннен астам қызметкер тартылған шара БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашевтың бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Рейд барысында қызметкерлер өңір тұрғындарымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, акватория жағалауларында демалушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Полиция және орман шаруашылығы қызметкерлері ағаштардың түбінде от жағу, спирттік ішімдіктер қолдану сынды құқық бұзушылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қолданды.
Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
- Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
- Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
- Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
- Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
- Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
- Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
- Жалған дабыл бермеңіз!
Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмірлеріне хабарласу қажет.
БҚО ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі