Бөрлі, Шыңғырлау және Теректі аудандары мешіттерінің жамағаттары арасында табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды.
Бұл шараны өткізуге Ақсай қаласының мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Шара барысында спорттық сайыстар өткізіліп, мықтылар өзара бақ сынасты.
Жамағаттан құралған командалар асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, нысана көздеп ату сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.
Қатысушылардың бірлігін нығайтып, спортты насихаттау мақсатында өткізілген жарыста белсенділік танытқан қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
«PULS» ақпарат