Өткен аптада үкімет отырысында медициналық көмектің кепілді және сақтандыру пакеттері қызметтерінің жаңартылған тізімдері бекітілген болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша ТМККК пакеті бүкіл тұрғындар үшін минималды әлеуметтік стандарт болып табылады деп мәлімдейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі пакетіне шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайдағы көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен жалпылама қамту, бүкіл қоғамға маңызы бар ауруларды бақылауға алу кіреді.
Елбасының және ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес, осы айдан бастап медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 30%-ға көтеру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, медициналық қызметтер тарифтері 15%-ға дейін көтерілген. Бұл жерде халық үшін медициналық қызметтердің қымбаттамайтынын атап өткен жөн. Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру әр сақтандырылған азаматтың өмір сапасын және қазақстандықтардың болашақ ұрпағының денсаулығын жақсартуға бағытталған медициналық көмектің қалған тізбесін қамтитын болады.
Денсалық сақтау министрлігінің деректері бойынша, мемлекет қазір тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қазақстандықтарға медицинаны қаржыландырады және бөлінетін қаражат мөлшері тұрақты түрде өсіп отырады. Егер 2013 жылы Қазақстанда кепілді тегін медициналық көмекке 608,1 млрд. теңге бөлінсе, 2019 жылы 972,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, ТМККК пакетін қаржыландыру әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек қор активтері есебінен, яғни, аударымдар мен жарналар есебінен қаржыландырылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша жарналар мен аударымдардың жалпы сомасы – 176,7 млрд. теңге. Батыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы сәтте жарналар мен аударымдар 5,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаражаттар Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап медициналық қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.
Бүгінгі күні тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы 2019 жылға 32,6 млрд. теңгеге келісімшарт жасаса, бұл алдыңғы жылдан 7,5%-ға көбірек. Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалымен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасынан 17, 6 млрд. теңге төленген.
«PULS» ақпарат орталығы