
Бүгін, 29 қарашада Батыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарының сайлау күні алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтар мен алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыстау акциясы өтуде.
Сайлау учаскелерінде аталған азаматтарға қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны үшін арнайы естелік сыйлықтар дайындалған.
Әсіресе, алғаш рет өздерінің сайлау құқығын жүзеге асырып отырған жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Олар үшін бұл – азаматтық жауапкершіліктің алғашқы тәжірибесі әрі ел өміріне белсенді араласудың маңызды қадамы.
Акцияның мақсаты – сайлау мәдениетін дамыту, жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру және қоғам өміріне жауапкершілікпен қатысуға ынталандыру.
