«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы өтті

Орал қаласындағы Ж. Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Адал ұрпақ» клубының мүшелері және мектеп оқушылары қатысты.

Қатысушылар өз жұмыстарында адалдық, әділдік, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас тақырыптарын бейнеледі. Оқушылар суреттері мен постерлерін таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал мінез-құлық және заң талаптарын сақтау жөніндегі ойларын ортаға салды.

Жұмыстарды таныстыру барысында оқушылар өздері таңдаған тақырыптарды түсіндіріп, адалдық пен әділдіктің күнделікті өмірдегі маңызы туралы пікірлерін жеткізді.

Сонымен қатар, «Адал азамат» қағидатының мәні, жас ұрпақ арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Байқау оқушылардың шығармашылық жұмыстар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық және жауапкершілік мәселелеріне қатысты өз көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік берді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *