2026 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатқалиев айтып берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға, оның ел экономикасындағы рөлін арттыруға және шағын бизнестің орта бизнес анатына өтуіне жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Шағын және орта бизнес өңірдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың өсуін ынталандыруға ықпал етеді.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған кешенді және жүйелі қолдаудың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында ШОК субъектілерінің саны тұрақты өсуде.
ШОБ негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 52,1 мың жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілері тіркелген. (2026 жылдың басында 59,4 мың)
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 6,5 мыңға қысқару есебінен жалпы ШОБ санының төмендеуі байқалады. Бұл өз кезегінде жаңа салық көдексі шеңберінде енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арнайы салық режиміне көшуіне байланысты.
2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 115,1 мың адамды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 649,5 млн теңгені құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 35,8% болды. Орта кәсіпкерліктің үлесі 3,8%-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың 7 айында екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 26,0 млрд теңге сомасында кредит берілген.
Қаржылық қолдау
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлерді қолдаудың келесі мемлекеттік бағдарламалары бойынша мониторинг жүргізеді:
- Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы;
- «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы;
- Кепілдік қоры шеңберіндегі қолдау бағдарламасы;
- «Іскер аймақ» микро және шағын бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі бірыңғай бағдарламасы;
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы.
Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және гранттық қаржыландыруды қамтиды. Жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,0 млрд теңге субсидияларға, 156 млн теңге гранттарға бағытталатын болады.
«Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 25,5 млрд теңгеге 188 кредит берілді.
Кепілдік қоры шеңберіндегі қолдау бағдарламасы.
Кепілдік қоры шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша өңірлік филиалы тарапынан кредиттердің жалпы сомасы 4,4 млрд теңгеге 29 кепілдік берілді. Кепілдіктер сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы» шеңберінде кәсіпкерлерге 50,0 млн теңгеге дейінгі сомада 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит беру көзделген.
Бағдарлама «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен 1:1:1 қатынасында (облыс: қор: банк) бірлесіп қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
Осы мақсаттарға 2025 жылы жергілікті бюджеттен 200,0 млн теңге бөлінді. Серіктес банк ретінде «ForteBank» АҚ айқындалды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 93,0 млн теңгені құрайтын 2 кредит берілді.
2026 жылдан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарлама қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы орган қолдаудың қосымша 6 басым бағытын айқындады.
Жыл басынан бері жалпы кредит сомасы 596,0 млн теңгені құрайтын 17 жобаға қолдау көрсетілді.
2021 жылы облыста кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау бойынша арнайы Комиссия құрылды (31.12.2021 жылғы №30).
Қазіргі таңда Комиссия жұмысы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 175 субъект енгізілді (2022 жылы — 14, 2023 жылы — 13, 2024 жылы – 64, 2025 жылы -84, 2026 жылы -28 ).
Гранттар беру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдан бастап қайтарымсыз гранттар конкурсына тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері қатыса алады.
2025 жылы 147 млн теңге сомасына 33 грант берілді, оның ішінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 5 финалисіне және 28 әлеуметтік кәсіпкерге.
Анықтама үшін: 2026 жылы гранттар беру конкурсын ағымдағы жылдың қараша айында өткізу жоспарланған.
Қаржылай емес қолдау
Кәсіпкерлерге өнімдерін ілгерілетуге, өткізу нарықтарын кеңейтуге және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу мақсатында 2026 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бірқатар көрме іс-шараларын, оның ішінде республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсетті.
Жыл басынан бері облыс кәсіпкерлері «ULTTYQ ÓNIM – 2026», «Қазақстанның үздік тауары», «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалы, инвестициялық форум аясындағы көрмелер, әлеуметтік кәсіпкерлердің республикалық саммиті аясындағы көрмелер және басқа да іс-шараларға қатысты.
Аталған іс-шараларға 70-тен астам кәсіпкер қатысты. Олар өз өнімдері мен қызметтерін таныстыруға, әлеуетті серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға және өткізу арналарын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтарда облыс әкімінің шешімімен кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының құрамына кәсіпкерлерге қызмет көрсететін мемлекеттік органдар, мамандандырылған қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер және басқа да ұйымдар енгізілді.
Жұмыс тобының қызметі аясында облыстың барлық аудандарына шығулар ұйымдастырылып, 450-ден астам кәсіпкерге консультациялық қолдау көрсетілді.
Кәсіпкерлік – өңірдің тұрақты дамуының негізі. Әрбір бизнестің артында жұмыс орындары, салық түсімдері және инновациялар тұр. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – кәсіпкерлік әлеуеттің өсуі мен нығаюы үшін қажетті жағдай жасау.
Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады.
Светлана ИМАШЕВА
