Биыл университетке 131 студент қабылданды. Олардың бір бөлігі оқуын аяқтаған соң атом саласында еңбек етуді жоспарлап отыр.
Студенттер ядролық физика, атом энергетикасы және ядролық қондырғыларды пайдалану бағыттары бойынша білім алады. 3-курста Мәскеуде зертханалық практикадан өтіп, 4-курста Қазақстандағы және халықаралық ғылыми топтарда тәжірибе жинақтайды.
Оқыту Қазақстанның мемлекеттік гранттары есебінен жүргізіледі: жыл сайын бакалавриатқа 100, магистратураға 30 грант бөлінеді. Сабақтарды қазақстандық және ресейлік мамандар өткізеді.
Филиалдың негізгі мақсаты – Қазақстанның алғашқы АЭС-і мен жалпы атом энергетикасы саласына қажетті білікті кадрлар даярлау.
