ӘБІШТІҢ ШАБАНДОЗДАРЫ ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы күні ел азаматтары сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына деген азаматтық ұстанымын білдіруде.

Әбіш ауылында ұлттық спортты ұлықтап, көкпар өнерін кейінгі буынға дәріптеп жүрген шабандоздар да сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ат жалында ер жетіп, дүбірлі додаларда ауыл намысын абыроймен қорғап жүрген Әбіштің көкпаршылары соңғы жылдары түрлі жарыстарда топ жарып, жеңісті жолымен ауылдастарына қуаныш сыйлап келеді. Олар үшін көкпар жай ғана спорт емес, атадан балаға жалғасқан ұлттық рух пен ерлік мектебі.

Бүгінгі сайлауда өз таңдауларын жасаған шабандоздар ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Ұлттық дәстүрді дәріптеп, спортта ауылдың абыройын асқақтатып жүрген жастардың азаматтық белсенділігі елдік ұстанымның көрінісі.

Дүбірлі додада тұлпар тізгінін ұстаған Әбіштің шабандоздары бүгін ел тағдырына қатысты маңызды таңдауда да өз үндерін қосты. Ұлттық спорттың өрісін кеңейтіп, ауылдың мерейін үстем етіп жүрген азаматтардың әрбір жеңісі – өскелең ұрпаққа рух, ауыл жастарына жігер береді.

Көкпардағы жеңіс – намыстың, сайлаудағы таңдау – жауапкершіліктің белгісі.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *