ЕҢБЕКТЕН ҚОЛ ҮЗБЕЙ, ЕЛДІК ТАҢДАУДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан Құрылтай депутаттарының сайлауы ауыл-аймақта да жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Туған жердің тіршілігіне тірек болған еңбек адамдары да елдік таңдаудан шет қалмай, азаматтық ұстанымын танытуда. Солардың бірі – «Кемелбек» шаруа қожалығының еңбеккері Абзал Тлеубаев.

Далалық жерде қызу жүріп жатқан шөп шабу науқанынан қолы босамаса да, Абзал Тлеубаев сайлаудың маңызын ескеріп, тракторымен сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Еңбек көлігімен тікелей сайлау учаскесіне жеткен еңбек адамының бұл қадамы елдік іске деген жауапкершіліктің жарқын бейнесі. Дала төсіндегі маңдай тер мен азаматтық белсенділік тоғысқан бұл көрініс ауыл өмірінің шынайы болмысын аңғартқандай.

— Шөп шабу науқаны шаруа үшін жауапты кезеңі. Дегенмен ел үшін маңызды саяси науқаннан қалыс қалуды жөн көрмедім. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Сондықтан жұмыстан уақыт тауып, сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауымды жасадым, – дейді Абзал Тлеубаев.

Жайна ҚАБИБОЛЛА 

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *