Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағына ықпал ететін маңызды таңдау

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси дамуына қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс.

Құрылтай – заң шығару қызметін жүзеге асыретін өкілді орган. Оның құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады. Құрылтай қабылдайтын заңдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына және халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі – дауыс беру партиялық тізімдер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар жеке кандидатқа емес, өз ұстанымы мен бағдарламасына сенім білдіретін саяси партияға дауыс береді. Әрбір партияның алатын депутаттық мандат саны сайлауда жинаған дауысына сәйкес айқындалады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Құрылтай депутаттығына жеті саяси партия қатысады. Барлық партиялар заңнамада белгіленген тәртіппен сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Сайлау – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір сайлаушы өз таңдауын жасап, мемлекет дамуына өз үлесін қоса алады.

Құрылтай сайлауының ашық, әділ және заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының және сайлау процесіне қатысушы барлық тараптың ортақ міндеті.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *