2026 жылы Қазақстанда жаңа Конституцияның күшіне енуімен мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Соның аясында еліміздің жоғары өкілді заң шығарушы органы ретінде Құрылтай құрылды.Құрылтай – халықтың еркін білдіретін, заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Оның құрылуы өкілді биліктің рөлін күшейтуге, заң шығару үдерісін жетілдіруге және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.«Құрылтай» атауы халқымыздың тарихи мұрасымен сабақтас. Ежелгі дәуірден бері құрылтайларда елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер қаралып, маңызды шешімдер қабылданған. Сондықтан жаңа институттың осылай аталуы ұлттық құндылықтар мен заманауи мемлекеттік басқару қағидаттарының үйлесімін көрсетеді.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды. Бұл сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
