Халық денсаулығын қорғау – мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін сала. Мемлекеттік қызметшілер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттерді атқарады. Солардың қатарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары да бар.
Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметі тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін бақылауға бағытталған. Басқарма мамандары білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау нысандарында, қоғамдық тамақтану орындарында, сауда объектілерінде және басқа да мекемелерде санитариялық талаптардың сақталуын қадағалайды.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі – халыққа сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында да мемлекеттік қызметті электрондық форматта ұсынылып, азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде ашықтықты қамтамасыз етіп, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшінің қызметі тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – адалдық, әділдік, жауапкершілік және кәсібилік қағидаттарына негізделген қоғам алдындағы маңызды міндет. Осы құндылықтарды басшылыққа алған санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Г. Дуйсегалиева

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *