
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 1-курс студенттері мен Батыс Қазақстан облысының еріктілері үшін «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбында экологиялық сағат өткізді.
🔹️Іс-шара Жайық өзенінің жағалауындағы саябақта ұйымдастырылып, қатысушылар қалдықтарды бөлек жинаудың негізгі қағидаларымен танысып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін таза ауада еркін форматта талқылауға мүмкіндік алды.
🔸️Экологиялық сағат барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптаудың маңызы, олармен жауапкершілікпен жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ қағаз, пластик, шыны, металл және басқа да қайта өңдеуге жарамды шикізат түрлері бойынша бөлу ережелері түсіндірілді. Студенттер мен еріктілер алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, әртүрлі қалдық түрлерін тиісті контейнерлерге өздері сұрыптап орналастырды.
🌱Қалдықтарды бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға, полигондарға жіберілетін қалдықтар көлемін азайтуға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге және халықтың экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
