Көктемгі далалық жұмыстарының барысы туралы

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берик Ситказиевтің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы жоспарға сәйкес барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 626 мың га құрайтын болады, соның ішінде дәнді дақылдар 289 мың га (соның ішінде 93,6 мың га күздік дәнді дақылдар), майлы дақылдар 123 мың га, картоп, көкөніс-бақша
4,0 мың га, мал азықтық дақылдар 210 мың га

Көктемгі егіске қажетті тұқымдар мен техникалар толық дайындалды.

Қазіргі уақытта облыс диқандары көктемгі дала жұмыстарына жаппай кірісті. Бүгінде 336 мың га алқапта ылғал жабылып,
19,4 мың гектар жерге культивациялау жүргізілді.

Бүгінгі күнге барлығы 21 мың га жаздық дақылдар (5,5%) егілді, соның ішінде 14,3 мың га дәнді дақылдар (7,3 %), 2,9 мың га майлы (2,4%) және 3,7 мың га мал азықтық дақылдар (6,3%). Алайда, соңғы 2–3 күнде облыс аумағында жауын-шашынды ауа-райының қалыптасуына байланысты жұмыстардың қарқыны баяулады. Қолайлы ауа-райы қалыптасқан сәтте дала жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 10,5 мың тонна дизель отыны бөлініп, кестеге сәйкес 2,5 мың тоннасы (21%) Атырау МӨЗ-нан алынды.

Атырау МӨЗ-нан тасымалдаушы оператор — «Нэфтек» ЖШС анықталды. Дизель отынын бағасы — 270 теңге/литр құрайды.

Диқандардың егіске енгізілетін тыңайтқыштары жеткізілуде. Бүгінде отандық зауыттардан және тыңайтқыш сатушылардан барлығы 12,9 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды (21,2%), келісімшартқа отыру жұмыстары жалғасуда.

Көктемгі егіс пен егін ору жұмыстарына диқандарды барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында биыл өсімдік шаруашылығын субсидиялау мен қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді (с.і. субсидиялар – 1,93 млрд. тг.).

Бұдан бөлек, көктемгі дала және егін ору жұмыстарын несиелеуге облысқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 12,9 млрд. теңге («Кең дала 2» — 10,9 млрд. теңге, «Кең дала» – 2,0 млрд. теңге) бөлінді.

Бүгінде шаруаларға 5%-бен 8,6 млрд. теңге (67%) несие берілді, бұның сыртында 1,1 млрд. теңгеге жуық несиенің өтінімдері қаралуда. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге (52%) 597 бірлік техника лизингке алынды (бөлінген қаражат 12,5 млрд. теңге).

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *