2026 жылғы  өрт қауіпті маусымынына дайындық  туралы

Орман өрттеріне қарсы Ақ жайық өнірінде біраз дайындық жұмыс істеліп жатыр. Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы ауданы 224 699 гектарды құрайды. Оның ішінде орманмен қамтылған аумақ 88 762 гектар.

Облыстағы 8 орман шаруашылығы мекемесінде 10 орман өрт станциясы (ОӨС) жұмыс жасайды.

2025 жылы Ақжайық, Бөрлі, Тайпақ, Орал және Январцев орман мекемелерінің аумағында жалпы ауданы 134,08 гектарды құрайтын 15 орман өрті тіркелді. Оның ішінде орманмен қамтылған аумақтың көлемі 43,9 гектар.

2026 жылы алдын ала мәлімет бойынша Орал орман мекемесінің (Орал қаласы аумағында) аумағында 2,7 гектар жерді қамтыған 1 орман өрті тіркелді.

Материалдық-техникалық жарақтандыру

2023–2025 жылдары орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен жалпы көлемі 2,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

2023 жылы – 1,2 млрд теңге;

2024 жылы – 0,8 млрд теңге;

2025 жылы – 0,7 млрд теңге.

Осы қаражат есебінен 123 бірлік техника мен 346 бірлік құрал-жабдықтар сатып алынды.

Өрт қауіпті маусымына дайындық

Өрт қауіпті маусымының басталуына байланысты орман шаруашылығы мекемелері тиісті дайындық жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда мекемелерде орман өрті туындаған жағдайда:

21 өрт сөндіру автокөлігі;

44 тіркемелі өрт сөндіру жабдықтарымен жабдықталған тракторлар;

20 тіркемелі өрт сөндіру кешені;

40 патрульдік автокөліктер;

304 аспалы су сепкіштер;

7 дрон бар.

Орман өрттерінің алдын алу және оларды ерте анықтау мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде:

11 өрт бақылау мұнарасы (Ақжайық – 2; Бөрлі – 1; Орал – 1; Орда – 1; Чапаев – 2; Шыңғырлау – 2; Январцев – 2) және 11 бейнебақылау камерасы (Ақжайық – 2; Бөрлі – 1; Орал – 3; Орда – 1; Шыңғырлау – 2; Январцев – 2) жұмыс істейді.

2025 жылы жергілікті бюджеттен 72 млн теңге бөлініп, Ақжайық, Орда және Шыңғырлау орман мекемелерінде қосымша 4 өрт бақылау мұнарасы орнатылды.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап орман шаруашылығы мекемелерінде «Лесохранитель» орман өртін ерте анықтау жүйесінің 10 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді (Приуральное, Рубежинское, Байқоныс, Орал, Янайкино, Ақжайық санаторийі, Бударин, Чапаев, Тайпақ, Базартөбе елді мекендерінде орналасқан).

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК

Ағымдағы жылы облыс аумағында орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар қызмет көрсетілетін орман аумағын әуеден жүйелі түрде бақылау арқылы орман өрттерін дер кезінде анықтау, орман заңнамасын бұзушылықтарды айқындау және олардың алдын алу мақсатында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ашылды. Аталған мекеме өрт қауіптілік классына байланысты авиациялық патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда орман өрттерін сөндіруге қатысады.

Мекемеде 7 адам қызмет атқарады және As-350 Еврокоптер әуе кемесімен жабдықталған.

Өрттің алдын алу шаралары

2026 жылы табиғатты қорғау және өрт қауіпсіздігі тақырыбында аншлагтар мен билбордтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры аумағына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Түсіндіру жұмыстары барысында:

— табиғатқа ұқыпты қарау;

-табиғатты қорғау іс-шараларының маңыздылығы;

-табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндіріледі.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, түсіндіру сипатындағы материалдар таратылуда.

Мемлекеттік орман қоры аумағымен шектесетін жер пайдаланушыларға өсімдіктерді бақылаусыз өртеуге жол бермеу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқамалар берілуде.

 Рейдтік іс-шаралар

2026 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында:

— 508 рейд өткізілді;

— табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 34 хаттама толтырылды;

320 мың теңге көлемінде айыппұл салынды;

— өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 8 хаттама толтырылып 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

2026 жылға арналған орман өрттерінің алдын алу жоспарына сәйкес:

  • 125 км минералданған жолақ салу (орындалғаны – 10 км);
  • 13 140 км минералданған жолаққа күтім жасау (орындалғаны – 304 км);
  • 5,2 км өртке қарсы маңызы бар жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (орындалғаны – 0,4 км);
  • 398 аншлаг пен билборд орнату және жаңарту (орындалғаны – 294);
  • 53,2 км орам шекараларын кеңейтіп, тазарту жұмыстары жоспарланған.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *