Щапов ауылдық округінде тұратын Сарымсақовтар отбасы 11 мүшесі бірге келіп дауыс берді

Бүгін Щапов ауылдық округінде орналасқан №171 референдум учаскесінде Сарымсақовтар отбасы үлкен ұйымшылдық танытып, отбасының 11 мүшесі бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Бір шаңырақ астында тәрбиеленген әулет мүшелерінің маңызды саяси науқанға бірлесе қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Отбасы мүшелері азаматтық борыштарын орындап, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті.

«Тату үйдің тамағы тәтті» демекші, Сарымсақовтар отбасының түгелге жуық келіп дауыс беруі – ауызбіршіліктің, елге деген жанашырлықтың белгісі.

Осындай ұйымшыл отбасылардың белсенділігі қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықтың негізі болып табылады. Сарымсақовтар әулетінің бұл қадамы ауыл жастарына үлгі болып, ел болашағына бейжай қарамаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. 🇰🇿

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *