
Өнерімен елдің рухын көтеріп жүрген аяулы әжелеріміз бұл жолы да азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Олар ел өміріндегі маңызды сәттен шет қалмай, болашаққа деген жауапкершіліктерін нақты ісімен дәлелдеді.
Бұл – ақ жаулықты әжелеріміздің ел болашағына деген ізгі ниеті мен соған сай жасаған оңды қадамдарының жарқын көрінісі. Ұрпақ тәрбиесінде де, қоғам өмірінде де өнеге болып жүрген әжелеріміздің бұл әрекеті көпшілікке үлгі.
