Бүгін Янайкин ауылдық округі бойынша №177 референдум учаскесінде нағыз ауыл берекесінің көрінісіне куә болдық. Ауылдың бір топ белсенді ақ жаулықты әжелері мен осы ауылдың тату келіндері бір уақытта келіп, өздерінің азаматтық таңдауларын жасады.

Ауылдың тыныс-тіршілігіне, қоғамдық жұмыстарына әрдайым белсене араласып жүретін кейуаналарымыз бен берекесі жарасқан келіндеріміз бұл жолы да бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті. Олардың сайлау учаскесіне бірге келуі – тек дауыс беру ғана емес, бұл – елдің тыныштығына, болашақ ұрпақтың қамына деген аналық тілек пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Ақ жаулықты әжелеріміз: «Аналардың таңдауы – ұрпақтың болашағы» деп, өздерінің ақ батасын беріп, ел тілеуін тілеп жүретін аналардың референдумға қатысуы жас буынға үлкен өнеге екенін айтты. Олардың жүзіндегі мейірім мен ертеңгі күнге деген сенімі бүгінгі маңызды саяси науқанның маңызын одан әрі айшықтай түскендей.
«Береке – бірлікте», «Ана көрген тон пішер» демекші, аналардың ел тағдырына бейжай қарамай, бірлікпен келіп дауыс беруі ауыл жастарына да үлгі болды. Бұл – ұрпақ сабақтастығы мен ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Ортамызда ақылшы болып жүрген аяулы аналарымызға, ардақты әжелерімізге азаматтық белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!
#Референдум2026# Конституция
#15 марта #15наурыз
