КӨРІСУ КҮНІНДЕГІ КӨҢІЛ КҮЙ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қалың көрерменмен бірге «Атамекен» өнер ордасында өткен «Наурыз-думан» атты мерекелік концертті тамашалады. Облыс әкімі Жайық жұртшылығын Көрісу күнімен құттықтап, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрамның мән-маңызына тоқталды. Ол Президент бастамасымен қолға алынған «Наурызнама» онкүндігінде бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды қағидаттардың көрініс тапқанын атап өтті.

— Әлем әрі-сәрі күй кешкен қазіргі кезеңде бізге бірлік пен татулықтың қаншалықты құнды екенін қай-қайсымыз да терең түсініп отырмыз. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, түрлі салалардағы оң өзгерістер мен ілкімді істер – тұғырлы Тәуелсіздіктің, еңселі Егемендіктің жемісі. Ендеше осы құндылықты көздің қарашығындай қорғау, мемлекет мүддесі, халық игілігі жолында жұдырықтай жұмылып, еңбек ету – баршамызға ортақ жауапкершілік. Көрісу күніндегі көп тағылымның бірі осы, — деді Нариман Төреғалиев.

Мерекелік концертте халық әндері мен жыр-термелер орындалып, қос ішектен күй төгілді. Өнер ұжымдары аспаптармен сүйемелдеп, бимен көркемдеді. Мазмұнды шара ақ батамен түйінделді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *