Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндірмелер жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы QazExpoCentre-Pipe ЖШС-ның басшылығы мен ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді. Бұл мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны да айтылды.

Іс-шара барысында ұйым басшылығы мен қызметкерлерінің қойған сұрақтарына толық жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті және қатысушыларға конституцияның мәні мен маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Аталған түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда жүргізіліп жатқан реформалар туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *