уақыт талабы және жаңа мүмкіндіктер
Қазіргі жаһандану дәуірінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқару жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізді. Соның айқын көрінісі – мемлекеттік қызметке орналасу үдерісінің онлайн форматқа көшу.
Онлайн форматтағы конкурс – уақыт талабы әрі азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер.
Мемлекеттір қызметке орналасу үшін онлайн конкурстар 2023 жылдан енгізіліп, «Е-Qyzmet» жүйесінің сыртқы порталы арқылы жүзеге асырылуда (eqyzmet.gov.kz).
Онлайн платформа арқылы тестілеу, конкурсқа қатысуға өтінім беру, құжаттарды жүктеу және конкурстық кезендерден өту мүмкіндіктері қарастырылған.
Цифрлық форматқа көшу ашықтық пен қолжетімділікті арттырады, адами фактордың ықпалын азайтуға септігін тигізеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Жүйе 24/7 форматында жұмыс істейді.
Бүгінгі күні, онлайн іріктеудің рәсімдерін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер шеңберінде іріктеу кезендері оңтайландырылып, конкурстық рәсімдерінің мерзімдері қысқартылды. Өзгерістер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Өзгерістерге сәйкес, үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік тілді білу, заңнама мен жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өту міндетті шарт болып табылады. Аталған тестілеудің оң нәтижесі бір жыл ішінде әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған конкурстарға жарамды болады. Заңнама бойынша тестілеу бағдарламасына 4 заңнамалық акттан тұрады (Конституция, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі).
Конкурс эссе жазу (басшылық лауазымдарға), конкурстық комиссиясымен әңгімелесу немесе практикалық бағалау, конкурстық комиссиясының қорытындысы кезендерін қамтиды.
Конкурстарға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды және конкурсқа жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған бестен артық емес кандидаттар жіберілетін болады.
Практикалық бағалау кезеңі басшылық емес лауазымдарға және жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі лауазымдарға орналасу үшін белгіленген.
Аталған кезең басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға аналитикалық жазба дайындау бойынша және мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау немесе өтініштерін қарап, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау, ал, төменгі лауазымдарға ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы екі сұраққа жазба түрінде жауап ұсыну бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы конкурс жеңімпазы жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден және жалпы конкурс кезеңдерінен ең көп жиынтық балл жинаған кандидат болады және конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.
Аталған өзгерістер конкурстық рәсімдердің мерзімдерін қысқартуға бағытталып, мемлекеттік органдармен бос лауазымдарды жедел түрде толтыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
департаменті
