Түсіндіру тобы «Фирма Родник» ЖШС ұжымымен кездесті

Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын түсіндіру жөніндегі қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Фирма Родник» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамалар талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және Конституция нормаларын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *