Қазақстан Республикасындағы инфляция

2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.

Өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз – 2%, қант – 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Ал концентратталған сүт – 2,1%, қатты ірімшік – 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.

Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-дан. Автомобильдер – 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.

Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су – 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.

2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа – 7,9%, күрішке – 4,8%, қиярға – 4,7%, тәтті бұрышқа – 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім – 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш – 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған.

2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ киім жөндеу бағасы – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.

Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында – 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды – 11,8% деңгейінде.

*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Тізімге оралу

Астана қаласы

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел даңғылы, 8,
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс,
E-mail: e.stat@aspire.gov.kz

Бірыңғай байланыс орталығы

1446 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 — 18:30-ға дейін:

Telegram-bot: @statgovkz_bot

Баспасөз қызметі

Дс-Жм 9:00 -ден 18:30 дейін, 13:00-14:30 – түскі үзіліс,
Тел. +7 7172 749002,
E-mail: e.press@aspire.gov.kz.

Кеңсе

Дс-Жм 9:00 -ден 18:30 дейін, 13:00-14:30 – түскі үзіліс
Тел. +7 7172 74 95 47

Деректерді пайдалану туралы

Сайт картасы

Сайт бойынша видеонавигация

Экран дикторы

2026 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *