Биыл Орал қаласында жастардың əскери-патриоттық санасын күшейтуге бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асты. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар жас ұрпақтың елге деген құрметін арттыруға айтарлықтай серпін берді. Атап өтсек, «Жас сарбаз», «Айбын» əскери-спорттық ойындары, «Отанға аманат» əскерге шығарып салу рəсімі, жаңа патриоттық баннерлердің орнатылуы жəне «Батырлар ізімен» бейнеролик жобасы бұл бағытқа жаңа серпін берді.

«Отанға аманат» салтанатты рəсімінде 40 жас сарбаз ел алдындағы əскери борышын өтеуге аттанды. Шараға офицерлер, ардагерлер мен ата-аналар қатысып, сарбаздарға ақ жол тілеп, естелік сыйлықтар табыстады. Патриоттық əндер мен салтанатты марш мерекелік рухты күшейтіп, жас буынға жігер берді. Қоғамдық орындарға ілінген екі əскери-патриоттық баннер жастарға рухани қолдау көрсетіп, елжандылық сезімін арттыруды мақсат етеді. Олар халық көп шоғырланған Əбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Қазақстан», «Салтанат сарайы» жəне «Жигули» аялдамаларына орналастырылды. «Батырлар ізімен» жобасы бір минутқа тарихты қамтуға бағытталды. Ұзақтығы бір минуттық бейнероликте сармат дəуірінен XX ғасырға дейінгі батырлар ерлігі көрініс тапты. Қысқа форматта берілген мазмұнды жұмыс жастар үшін тарихи мұраны заманауи тəсілмен танытудың тиімді құралына айналды.

Ал ардагерлер мен тарихшылардың қатысуымен өткен кездесулер жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін тереңдетті. Шараларға Ауған соғысының ардагері Сапаралы Баймурзаев, əскери қызметкерлер Қылыш Габдуалиев пен Темірболат Искаков, өлкетанушы Ахмедияр Батырханов, тарихшы Айболат Құрымбаев, десанттық-шабуылдаушы ардагерлер ұйымының төрағасы Марлен Иманғалиев жəне Тəжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстар ардагерлері Тұрарбек Орақұлы, Нұрлан Гусманұлы, Қаныбек Сəдігенұлықызмет қатысты. Олар ел қорғаудағы батылдық, достық, əскери тəртіп жəне тарихи жадының маңызы жөнінде ой бөлісті. Мектептер мен колледждерде де патриоттық дəрістер, архивтік зерттеулер арқылы жас ұрпақтың ел тарихына қызығушылығы тереңдей түсті. Жобаның жастарға əсеріне келсек, аталған шараларға 400-ге жуық жас қатысып, əскери қызметке қызығушылық, ұйымшылдық, жауапкершілік жəне батылдық қасиеттері нығайды. Тарихи тұлғалар мен жергілікті ерлердің ерліктеріне деген құрмет күшейді. Оралда басталған бұл бастамалар жас буынның жүрегіне елге деген сүйіспеншілік дəнін сеуіп, болашаққа сеніммен қарауға жол ашып отыр.
Аталған бастамаларды жыл сайынғы дəстүрге айналдырып, деректі фильмдер мен подкасттар түсіріп, патриоттық кездесулерді кеңейтуді жəне жобаны облыстық, кейін республикалық деңгейге шығару қажет деп санаймыз.
Жанар Курумбаева, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ЖҚ директоры
